АймақАбай

Ардагерлермен денсаулық сақтау тренингі өткізілді

Бүгін “Аманат” партиясы Абай аудандық бөлімшесінің мәжіліс залында аудандық Ардагерлер кеңесі мен “Жастар альянсы” ұйымы бірлескен түрде ардагерлермен денсаулық сақтау тақырыбында тренинг өткізді.

Суреттерді түсірген автор

Ардагерлер алдында аудандық орталық аурухананың директоры Айгүл Бәшекова шағын баяндама жасап, слайдтар арқылы қарттық кезеңінде ми мен дене қозғалысын белсенді етудің жолдары мен әдістері жайлы әңгіме қозғап, олармен практикалық тренинг жүргізді. Тренингке қатысып отырған қарттарға күйзелген, шаршаған, жалғызсыраған уақытта немен айналысу жөнінде пайдалы кеңес берілді.

Жиын барысында аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақытжан Көрпешова мен “Жастар альянсының” жетекшісі Темірлан Кәкенов аудан ардагерлерін өздерінде құрылған Қолөнер және шығармашылық клубына, Ұзақ өмір сүру орталығының жұмысына ,түрлі мәдени-спорттық шараларға белсене қатысуға шақырды.

Жиын соңында спикер Айгүл Бәшекова ардагерлер қойған сұрақтарға жауап берді.

Ержан ИМАШ
Абай ауданы

Басқа материалдар

Back to top button