Ардагерлерге құттықтаулар жинайды
Қарағандыда “Туған күніңмен, ардагер!” патриоттық десант жұмысын бастады. Акция Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған және 2025 жылға дейін өтеді.
Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Қарағанды ардагерлерін туған күнімен құттықтауды ұсынады. Құттықтауларды ашықхат, суреттер, қолөнер, үшбұрыш хат, плакат, газет және т. б. түрінде жасауға болады.
Патриоттық десанттың барысы туралы ақпарат әлеуметтік желіде көрсетіледі: @bekturov_library.
Жұмыстарды кітапханада Ержанов көшесі, 8а мекенжайы бойынша қабылдайды.
Қосымша ақпарат: 43-06-48; 43-07-04; +7-705-138-25-97.
Акция “Соғыс тарихы” әскери-патриоттық клубымен және оқу орындарының еріктілерімен бірлесіп өтуде.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz