Нұра

Ардагерлер ұлықталды

    Нұра ауданы әкімі Ниқанбай ОМАРХАНОВ Ауғанстан соғысы ардагерлерімен кездесу өткізіп, сый-сияпат жасады.

Өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангерлер кездесу барысында отты жылдарда қан майданнан оралмай қалған жауынгер достарын еске алды.

шара аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Бұл жерде жас буын арнайы сап түзеп ардагерлерге зор құрмет көрсетіп, батырларды ұлықтады. Әскери ойын жаттығуына сай өнерлерімен де бөлісті. Салтанатты шара барысында «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері одағы» қоғамдық бірлестігінің «Ана жүрегі» медалімен ауған соғысы ардагерлерінің аналары: Марқаш Бекмағамбетова, Любовь Плешакова, Валентина Бычкова, Майра Сатыбалды марапатталды.

Сонымен қатар, «Ауғанстан! Соғысты жауынгер таңдамайды» тақырыбында дайындалған концерт берілді.

Тазагүл ПІШЕНБАЕВА.

Нұра ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button