АймақҚарағанды

Қарағандылық жігіт бір құшақ гүл сатып алып, тергеуге ілікті

Қарағандыда криминалдық полиция қызметкерлері тауар мен қызмет ақысын жасанды купюрамен төлеген 23 жастағы жігітті ұстады.

Сурет: optimism.kz

Полиция мәліметінше, жігіт әуелі 24 сағат жұмыс істейтін гүл дүкенінен сүйіктісіне гүл шоғын сатып алған. Сатушы 20 000 теңгелік жалған ақшаны бірден танымаған.

Артынша жігіт жақын маңдағы асханаға барып, тағы да жалған ақшаға таңғы асын ішкені анықталды.
Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button