Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт

Қарағандылық «Жастар» командасы Қазақстан чемпионы атанды

Футболдан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында Қарағанды облысының «Жастар» олимпиадалық резерв мектебінің тәрбиеленушілері ерекше көзге түсіп, чемпион атанды.

Сурет: денешынықтыру және спорт басқармасынан

Жамбыл ауданы Қордай ауылында спорт мектептерінің 2013 жылы туған оқушылары арасында өткен республикалық чемпионатқа он команда қатысқан. «Жастар» командасының жаттықтырушысы Саид Ахметов жеңістің оңайлықпен келмегенін айтады. Мықты қарсыластар арасында Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, тіпті Қырғызстанның жасөспірімдері болған.

– Біздің тобымызда өте мықты қарсыластар болды. Оларға қарсы ойнау қандай қиын екенін айтпаса да түсінікті. Біз барымызды салып, барлық нұсқауларды орындадық, жеңіс үшін күрестік. Нәтижесінде финалға шығып, Шығыс Қазақстан облысының «Зайсанымен» ойнадық. Бұл команданы 5:0 есебімен оңай жеңдік. Мен ұлдарыма өте ризамын және олармен мақтанамын, – деді жаттықтырушы.

Сонымен қатар, жас футболшылар үш номинация бойынша жеңімпаз атанды. Ерасыл Еркеғұл «Үздік қорғаушы» аталымын жеңіп алса, Эмиль Марданов «Үздік бомбардир» атанды. Ал, Қайсар Төлеген мен Әмірхан Татаринов «Чемпионаттың ең бағалы ойыншылары» номинациясына ие болды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button