Білім

Қарағандылық жас музыканттар топ жарды

Қарағанды мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатының оқушылары республикалық Қазақстанның жас орындаушыларының ХІ байқауында топ жарды.

Байқау Алматыдағы Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатда өтті. Арнайы фортепиано және үрмелі, ұрмалы аспаптар аталымы бойынша өткізілген байқауға елдің түпкір-түпкірінен 191 жас музыкант қатысты. Қарағанды мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатының оқушылары Варвара Лыкова (флейта) мен Роман Хе (гобой) І орын иеленді.

– Мен 6 жасымнан бастап флейтада ойнаймын. Бұл байқауға мені мектебіміздің үрмелі және ұрмалы аспаптар бөлімінің меңгерушісі Жанат Оспанова дайындады. Менің номинациямда 10 қатысушы болды. Мен соль мажор концертін ойнадым (1 бөлім) Дж. Перголеси, А. Попптың «№ 3 Венгр биі» және К. Кужамьяровтың «Ноктюрн». Кез-келген байқау қиын, өйткені бұл дайындық пен тәжірибені талап етеді. Бірақ бұл жаңа тәжірибе. Мен алғашқы үлкен жеңісіме өте қуаныштымын, – дейді мектептің 7-сынып оқушысы Варвара Лыкова.

Ал, 10-сынып оқушысы Роман Хе: 

– Байқаудың бірінші турында мен Гендельдің сонатасын (2-ші және 3-ші бөлімдер) және Құрманғазының «Ақбай» күйін, ал екінші турда Беллини концертін ойнадым. Мен гобоймен 8 жылдан астам уақыт айналысамын, ал жалпы музыкамен – 10 жыл. Мен солист болғым келеді және әр түрлі елдерге гастрольдік сапармен барғым келеді, шеберлік сыныптарын өткізгім келеді, – деді. 

Мектеп-интернаттың бес оқушысы – ІІ орын, үшеуі – ІІІ орын иеленді. Ал, жетеуі арнайы диплом, үш жас музыкант арнайы сыйлыққа ие болды.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button