Жаңалықтар

Қарағандылық жас кәсіпкерлер бизнес-жобаларын ортаға салды

Қарағанды қаласында жас кәсіпкерлердің  өзекті стартаптарының тұсаукесері өтті. Жастар меценаттар мен инвесторларға өз жобаларын таныстырды. «Жаңғыру жолы» аймақтық штабының аясында жастардың келелі стартаптарының тұсаукесері» жобасы Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мұрындық болуымен өткізілді. Жобаның негізгі мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жастарды белсенді әлеуметтік өмірге ынталандыру.

Шараға “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының өкілі Әсел Атабаева, “Natige” және “VOLT 220” компаниясының құрылтайшысы Ерлан Әшім, Азаматтық бастамалар орталығының басшысы Наталья Красникова, “Рухани жаңғыру” кеңсесінің менеджері, “Pixel”жобалау студиясының жетекшісі Абай Оторбаев қатысып, мол тәжірибелері мен табысты кәсіпкерліктің қыр-сырымен бөлісті. Сондай-ақ, жалынды жастардың жаңа жобасына қолдау көрсетті.
Жобаға 18-29 жас аралығындағы жастар қатысқан болатын. Идеяларын әлеуметтік жоба ретінде ұсынған 3 мыңға жуық авторға грант ұтып алу мүмкіндігі берілді. Мемлекеттік грантты ұтып алып, бүгінде өз кәсібін алға сүйреп жүргендердің бірі – Айым Итбаева. Ол арнайы құрылғының көмегімен құс жұмыртқаларын бақылай отырып, балапандардың өсіп-жетілуіне жағдай жасайды.
– Құс шаруашылығымен айналысу ауылдық мекендерге өте ыңғайлы кәсіп. Гранттың арқасында біз арнайы құрылғы сатып алдық. Ендігі кезекте 300-ге жуық құсқа қолайлы орта жасап, жем-суымен қамтамасыз етіп отырмыз. Болашақта бұл кәсіпті әрі қарай дөңгелетіп үлкейткіміз келеді, – дейді жас кәсіпкер.
Семинар соңында үздік стартап-жобалар жарияланып және барлық қатысушыларға сертификаттар таратылды.

Басқа материалдар

Back to top button