Қарағанды

Қарағандылық теннисші бұл жолы есе жібермеді

Қытайдың Чэнду қаласында өткен үстел теннисінен әлем чемпионатында қазақстандықтар Өзбекстан құрамасын 3:0 есебімен ұтып, бірінші жеңісіне қол жеткізді. Құрама сапында жерлесіміз Алан Құрманғалиев те бар.

Алғашқы болып өнер көрсеткен отандасымыз Денис Жолудев 3 айналымда айқын басымдық та- нытып, қарсыласы Абдулазиз Анорбоевты 11:6, 11:6, 11:8 есебімен ұтты. Кирилл Герасименко да қарсыласы Шохрух Искандаровты 11:2, 11:6, 11:8 есебімен таза жеңді. Ал, жерлесіміз Алан Құрманғалиев пен Эльмурод Холиковтің арасындағы кездесу тартысты өтті. Екі айналымда жерлесіміз 11:5, 11:2 есебімен айқын жеңді. Соңғы айналымда ойын созылып, 12:10 есебімен аяқталды. Сөйтіп, қазақстандықтар жалпы есепте басым түсті.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button