Жаңалықтар

Қарағандылықтарды “Дармаркада” заттармен алмасуға шақырады

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде “Дармарка” экологиялық акциясы басталды. Бұл тегін жәрмеңке, онда қатысушылар жағдайы жақсы, бірақ пайдаланбайтын заттарын алып келе алады, және де оның орнына өздеріне пайдалы нәрсені ала алады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, “Дармарка” жақсы нәрселерге жаңа қожайындарды тауып қана қоймай, жаңа тауарларды өндіруге, буып-түюге және жеткізуге ресурстар мен қаражаттың шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл қоғам мен қоршаған ортаның саналы тұтынуы мен тұрақты дамуына қарапайым қадам.

“Дармаркаға” төмендегідей заттарды әкелуге болады:

– таза киім мен аяқ киім;

– кітаптар, журналдар, комикстер және басқа да баспа материалдары;

– DVD фильмдер, музыкалық CD және винил пластинкалар;

– балалар мен ересектерге арналған ойыншықтар мен ойындар;

– үйге арналған керек-жарақтар, соның ішінде ыдыс-аяқ, ас құралдары, дастархан, майлықтар және т. б.;

– жұмыс істейтін техника және электроника: компьютерлер, телефондар, планшеттер, камералар, құлаққаптар және т. б.;

– өсімдіктер мен көшеттер.

Бұл заттардың толық тізімі емес. Ең бастысы, заттар жақсы жағдайда және басқа адамдарға пайдалы болуы тиіс.

Акция 10-12 сәуір аралығында ҚарУ бас корпусының залында Университетская көшесі, 28 мекен-жайы бойынша өтеді.

“Дармарка” жұмыс уақыты 11:00-ден 16:00-ге дейін.

Үйлестірушілердің телефондары: +7-708-602-60-26 (София), +7-747-383-83-01 (Асыл).

Толығырақ Instagram: @enactus_buketov.

Іс-шараны Enactus Buketov University командасы StopMusor әлеуметтік жобасы аясында Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығымен серіктестікте ұйымдастырды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button