Бас тақырып

Қарағандылықтар әлеуметтік жәрдемақыға жеке чат-боты арқылы өтінім бере алады

Қазақстандықтар 42500 теңге әлеуметтік жәрдемақыны алу үшін өздері тұратын аймақтың жеке чат-ботына өтінім жібере алады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді. 

 «Өтінім беру алдында өз аймағыңызды таңдауыңыз қажет. Сондай-ақ, Еgov.kz және 42500.enbek.kz сайттары арқылы да өтінім қабылдау жалғасуда. Сіздерден тексерілген сілтеме арқылы өтулеріңізді сұраймын, себебі кейбір «пысық» азаматтар өз арналарына жазылушыларды көптеп тарту үшін фэйк аккаунттарды іске қосуда», – деп жазды ведомство басшысы Facebook-те.

Сонымен, Қарағанды облысының тұрғындары әлеуметтік жәрдемақы алу үшін https://t.me/Karagandy42500Bot  сілтемесі арқылы  өтінім жібере алады. 

Басқа материалдар

Back to top button