Бас тақырыпКоронавирус

Қарағандылықтар ерікті болуға онлайн өтініш бере алады

Қарағандылықтар  волонтер болу үшін https://ba09.kz/ сайты арқылы өтініш бере алады. Бірыңғай онлайн-платформаны қарағандылық “Belsendi Azamat” компаниясының IT-мамандары құрды. Сайт арқылы азық-түлік, сусындар, азық-түлік емес тауарлар және дәрі-дәрмектерді тегін жеткізуге тапсырыс беруге болады.

Онлайн-платформада  “Волонтер болу” функциясы іске қосылған. Кез келген адам порталға кіріп, аты-жөнін, телефон нөмірін және мекен жайын көрсетіп, өтінім жібереді. Бұл ақпарат автоматты түрде жалпы деректер базасына түседі. Әрі қарай, үміткерге жеке мәліметтерді тексеру мақсатында “Senim 109” операторы хабарласады. Бұл жалғыз басты зейнеткерлерді алаяқтардан қорғау үшін қажет. Осыдан соң, Жұмыспен қамту орталығы еріктілер сапына қосылған азаматқа көмекке мұқтаж қарттың мекен жайы мен байланыс телефонын береді.  

Волонтерлер қарттар үшін дүкен мен дәріханаға барып, қажет заттар әкеліп береді. Сонымен қатар, қоқыс шығаруға көмектеседі.  Бұл – қазіргі уақытта өте қажет көмек. Өйткені, 65 жастан асқан адамдардың сырқатқа шалдығу қаупі жоғары, сондықтан да  оларға үйден шықпауды ұсынады. 

Басқа материалдар

Back to top button