Қарағандылықтар Абай оқуларынан топ жарды

Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Абай облысында ХХІV республикалық Абай оқулары өткізілді. Абай және Шәкәрім кесенелерінің мұражай-кешені базасында ұйымдастырылған байқауға қатысқан №61 мектептің оқушылары І және ІІІ орын иеленді.

Үш күнге созылған байқауға елдің түкпір-түкпірінен 130-дан астам оқушы қатысқан. Олар алты номинация бойынша бақ сынады. Байқау қорытындысы бойынша 10-сынып оқушысы Алина Наурызбаева Абайдың 111 өлеңін, 9-сынып оқушысы Изат Нұрғасыр 181 өлеңі мен 4 поэмасын жатқа айтып, І орын иеленді. Ал, 11-сынып оқушысы Ақшархат Эшқұлова ақынның 43 қара сөзін жатқа оқып, ІІІ орын иеленді.

– «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» аталымы бойынша өнер көрсетіп, І орын иелендім. Барлық қатысушының дайындықтары керемет. Осы номинацияда 23 адам бақ сынады. Осынша қатысушының арасынан І орын иелену мен үшін үлкен мәртебе. Әрі байқаудың Абай Құнанбаевтың, Шәкәрім Құдайбердіұлының және Мұхтар Әуезовтің кіндік қаны тамған жерде өтті. Бұл біз үшін рухани азық. Байқауға дайындаған ұстаздарымызға алғыс айтамыз, – дейді Изат Нұрғасыр.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.