БілімЖаңалықтар

Қарағандылық студенттер Президент шәкіртақысының иегері

Қарағанды облысының 62 студенті Қазақстан Республикасы Президенті шәкіртақысының иегері атанды.

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 47 студенті, А. Сағынов атындағы ҚарТУ-нің 10 студенті, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің 4 студенті және Қарағанды индустриалды университетінің 1 студенті шәкіртақы иегері атанды.

Президенттік стипендия мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде де, ақылы негізде де күндізгі бөлімде оқитын студенттерге үшінші курстан және магистранттарға екінші курстан тағайындалады. Үміткерлер университеттің қоғамдық өміріне де белсенді қатысуы қажет.

Айта кетейік, Президенттік шәкіртақы 1993 жылдан бері жыл сайын университеттер мен ғылыми мекемелердің ең дарынды магистранттары мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында тағайындалып келеді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button