Қарағандылық студенттер қазақ тілді мәтіндерді латиницаға ауыстыратын электрондық бағдарлама жасап шығарды

Е.А Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің математика және ақпараттық технологиялар факультетінің 2 курс студенті Мағжан Өмен мәтінді латын графикасына ауыстыру бойынша бағдарламалық жасақтама құрды, — деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты.

— Біздің университет «Рухани жаңғыру» бағдарламасында алға қойылған міндеттерді атқаруға ат салысуда. Менің бағдарламамның көмегімен санаулы ғана минуттарда А4 форматта орналасқан 500 бетке дейінгі үлкен көлемді мәтіндерді аударуға болады. Бұл ретте мәтінде барсуреттер мен графикалар еш кедергі етпейді, — деді Мағжан Өмен.

Автордың айтуынша, бағдарламаны құру үшін ол бір жарым ай жұмыс істеген екен. 

— Қыркүйекте біздің факультеттің деканы студенттер арасында мақсат қойған болатын. Нәтижесінде менің нұсқамды таңдап алды. Мен «Болашақ менің арманым» атты стартапқа қатыстым. Жартылай финалға шықтым, енді латиницаға аударатын мобильді қосымшаны жасауды көздеп отырмын, — дейді Мағжан Өмен.

Студенттің өнертабысын ЖОО-да оқу материалдары мен әдістемелік құралдарды ауару үшін пайдаланады.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.