Білім

Қарағандылық оқушылар аниме көмегімен Қазақстан тарихын зерттей бастады

Қарағанды облыстық Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушылары «Тарихи хикаялар» сериясымен комикс журналдарын шығара бастады.

Мақсаты – тарих пәніне деген қызығушылықты заман өзгерістеріне сай насихаттау. Төменгі сынып оқушылары сурет арқылы ақпаратты тез қабылдайды және аниме, манга жанрына құмар. Мұны кітапханаға комикс сұрап келетін балалардың көптігінен байқап, 11-сыныптың оқушыларына қазақша комикс жасап көруді ұсындым.  Олар бірден келісті. Алдымен тақырып таңдап, зерттеп іске кірісіп кетті де көп ұзамай мектеп басшылығының қолдауымен «Қазақ хандығының құрылуы» атты комикс дайын болды, – дейді тарих пәнінің мұғалімі Әсем Тарыбаева.

Алғашқы 10 дана журнал мен комикстің электронды нұсқасы мектеп ішінде үлкен сұранысқа ие. Бұл Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында комикс үйірмесінің ашылуына түрткі болды.

Қазір мұнда 15 бала жаңа жанрды иегеруде. Ашылғанына 1 ай болған үйірме қатысушылары  «Тарихи хихикаялар» сериясының екінші шығарылымын ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арнап отыр.

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button