Білім

Қарағандылық NIS оқушысы Джонс Хопкинс университетіне шақырту алды

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Адина Джайлова Джонс Хопкинс университетіне (John Hopkins University) шақырту алды. 

Джонс Хопкинс университеті – АҚШ-тың алғашқы ғылыми университеті. Бүгінде бұл оқу орны АҚШ-тың басқа академиялық мекемелеріне қарағанда зерттеулерге көп қаражат бөледі. Сонымен қатар АҚШ-тағы оқыту мен зерттеуді біріктіріп, білім беру саласында революция жасаған алғашқы оқу орны ретінде танымал. Бүгінгі таңда университет түлектері арасында Нобель сыйлығының 27 лауреаты бар.

Джонс Хопкинс Университеті АҚШ-тың үздік он оқу орнының қатарына кіреді, QS университеттерінің әлемдік рейтингінде 24-ші орынды иелденген. Университетке түсу рейтингі 6,5% құрайды.

Университетте Адина биохимия саласы бойынша білім алуды жоспарлап отыр.

– Нақты мамандықты екінші курстың аяғына қарай таңдай аламын. PhD дәрежесін алып, Қазақстанда ғылымның дамуына үлесімді қосқым келеді, – дейді Адина.

Адинаға сонымен қатар University of Pittsburgh, Michigan State University мен Northeastern University сияқты оқу орындарынан шақырту келді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button