Қарағандылық еріктілер қарттарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізіп беруде

Волонтерлер жалғызілікті зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға азық-түлік,  дәрі-дәрмек және алғашқы қажеттілік заттарын  жеткізіп береді. «Saryarqa Jastary» облыстық еріктілер штабы төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бері  аймақтың 7 мыңға жуық тұрғынына көмектесті.

27 наурыздағы жағдай бойынша штаб, облыста 81 қайырымдылық акциясын өткізді. Оған 679 волонтер қатысты. Еріктілер 1457 азық-түлік себетін, 5500 дана медициналық маскаларды таратты. Осы уақытқа дейін  6979 адам көмек алды.

30 наурызда Қарағанды облысының бес қаласында карантин енгізілді. Осыған байланысты облыстың қалалары мен аудандарының еріктілері қарт адамдар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін азық-түлік, дәрі-дәрмек және гигиена құралдарын сатып алып, жеткізіп беруде. Тауарлар қажет болған адамдардың есебінен төленеді, ал курьерлік жеткізу тегін.

Өтініштер WhatsApp желісінде төмендегі нөмірлер арқылы қабылданады:
Қарағанды – 8-705-982-40-29;

Саран-8-708-594-97-94;

Теміртау-8-702-102-02-52;

Шахтинск-8-708-866-83-94;

Балқаш-8-778-125-88-27;

Приозерск-8-778-516-89-90;

Жезқазған-8-777-419-27-78;

Сәтпаев-8-708-580-17-97;

Қаражал-8-771-259-16-14;

Аудандар:

Абай – 8-707-850-19-10;

Ақтоғай – 8-707-805-59-05;

Бұқар Жырау-8-775-593-23-20;

Жаңаарқа – 8-700-990-72-61;

Қарқаралы – 8-778-729-73-74;

Нұра – 8-701-670-62-43;

Осакаров – 8-777-006-04-44;

Ұлытау – 8-777-072-28-88;

Шет — 8-702-294-36-38.

«Saryarqa Jastary» облыстық еріктілер штабының телефоны – 8 -701-339-37-33.