Қарағандылық дәрігерлер Өзбекстан азаматын құтқарып қалды

Қарағандылық дәрігерлер сіреспе дертіне шалдыққан Өзбекстан азаматының өмірін құтқарып қалды. Сырқатынан сауыққан азамат қарағандылық ақ халатты жандарға алғысын білдірді. Бұл үшін Өзбекстаннан арнайы келген екен.

Фото: © Liter.kz

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, 19 жастағы Шохрух Тошпулатов жансақтау бөліміне өте ауыр хәлде жеткізілген. Ол жансақтау бөлімінде 29 күн жатады. Дәрігерлер жас жігіттің өмірін сақтап қалу үшін қажетті ем-домның бәрін жасаған.

  • Қарағанды қаласына жұмыс істеу мақсатында келген едім. Өзбекстанда жүрген кезде аяғыма шеге кіріп кеткен. Бірақ, тез жазылып кететін шығар деп мән бермей, алыс жолға шығып кетті. Алайда денсаулығым күрт нашарлап, аяғымдағы жара асқынып кетті. Қазір, бәрі жақсы. Дәрігерлерге айтар алғысым шексіз, — дейді Шохрух Тошпулатов.