АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағандылық ҰОС ардагерлері Жеңіс күніне орай 2 млн теңгеден алады

Қарағанды облысында Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлеріне 2 млн теңгеден біржолғы төлем жасалады. Бүгінгі таңда Қарағанды облысында 12 ардагер тұрады.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушылары мен мүгедектері санатына 3219 адам теңестірілді. Оның ішінде 10 Ленинград блокадасы, 34 концлагерь тұтқындары, қайтыс болған ҰОСҚ мен ҰОСМ 135 әйелі және 3040 тыл еңбеккері бар.

Біржолғы материалдық төлем келесі санаттағы азаматтарға қарастырылған:

– концлагерь тұтқындарына – 200 мың теңгеден;

– ҰОС жылдарында қаза тапқандардың (қайтыс болғандардың) жесірлері мен әйелдеріне – 50 мың теңгеден;

– Қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – 200 мың теңгеден.;

– «ҰОС жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталған тыл еңбеккерлеріне – 100 мың теңгеден;

– 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 100 мың теңгеден.

Жалпы, Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының бюджетінен Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында 3231 адам төлем алады.

Облыс өңірлерінде ҰОС қатысушылары шағын және орта бизнес объектілеріне бекітілді.

9 мамыр қарсаңында ардагерлерге және бюджеттен тыс көздерден материалдық көмек төлеу және қайырымдылық акциялары жоспарланған.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button