Жаңалықтар

Қарағандыда жылжымалы флюороқондырғы жұмыс істеуде

Қарағандыда туберкулез дертінің алдын алу айлығы шеңберінде осы аптаның басынан бастап жылжымалы флюороқондырғылар жұмыс істей бастады. 


Жылжымалы флюорография бекеттерін Қарағандыда таңертеңгі 10.00-ден 15.00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша табуға болады: 
– 27 ақпан «Шығыс» базарында;
– 28 ақпан «Алтын Арба» базарында;
– 4 наурыз ОӘД жанында;
– 5 наурыз Оңтүстік-Шығыста «Арай» базарының жанында;
– 12 наурыз Сұрыптау стансасындағы «Жұлдыз» базарында;
– 13 наурыз Майқұдықтағы «Умай» СҮ;
– 15 наурыз Майқұдықтағы «Горняк» шағын базарында.
Дәрігерлер ұзаққа созылған жөтел, тез шаршап қалу, тершеңдік, төстегі ауырпалық немесе жылдам түрде салмақ тастау болса, міндетті түрде флюорографиядан өтуге кеңес береді. 
Кез келген ниет білдіруші жылжымалы бекетке келіп кеудесінің кескінін жасата алады. Тексерістен өту тегін, алдын ала тіркелудің қажеті жоқ. 

Басқа материалдар

Back to top button