Қарағандыда жаңа бейнебақылау камералары іске қосылды
Бүгіннен бастап Қарағандыда жаңа жылдамдық өлшейтін бейнебақылау камералары іске қосылды. Яғни, ЖБИ ауданы мен Пришахтинскке қатынайтын жолдың бойына орнатылған.
Бейнебақылау камераларының бірі ЖБИ ауданының кіреберісіне қойылған. Қазіргі уақытта екі бағыт бойынша түсіріп тұр. Яғни, жылдамдықты 60 км/сағ. асырған көлік жүргізушісіне әлгі құрылғылар айыппұл тіркейді. Ал, Пришахтинскке Сұрыптау бекетіне шыға берісіне қойылған. Бұл да екі бағыт бойынша жұмыс істеп тұр.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда үш жаңа жылдамдық өлшегіш бейнебақылау камералары орнатылған болатын. Біреуі Құрылысшылар даңғылы 35/2 меке жайындағы Kids Park балалар ойын залының жанына қойылса, екіншісі, Б.Әшімов көшесінің бойындағы Sapphire тұрғын үй кешенінің маңына қойылды. Үшіншісі, Гапеев көшесіндегі «Аян» сауда орталығының қарама-қарсы жатқан жолдың бойына орнатылған.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz