Білім

Қарағандыда «Зерек бала» байқауының облыстық кезеңі өтті

Қарағандыда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балабақша тәрбиеленушілерінің арасында «Зерек бала» байқауының облыстық кезеңі өтті. Бұл кезеңде аймақтан 14 команда қатысып, өзара сынға түсті. Олар логика, математика, тіл білу, спорт және шығармашылық бағытта өнерлерін ортаға салды. 

Аталған байқау облыстық білім басқармасы мен «Сарыарқа дарыны» балаларға арналған облыстық ғылыми-практикалық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен. Жарысқа қатысушылар үшін «Логика», «Жас математик», «Жас жазушы», «Квест», «Жас ғалым», «Жас полиглот», «Жас спортшы», «Жас жұлдыз» тапсырмалардан тұратын пункт берілген. Әр пунктке барып, түрлі тапсырманы орындауы қажет. 

Берілген тапсырмалардан сүрінбей өткен теміртаулық «Эрудиттер» тобы І орынға ие болды. Ал, ІІ орынды қарағандылық «Aqyldy bala» және теміртаулық «Грамотеи» командасы өзара бөлісті. «Алау» (Қарағанды), «Бахыт-Эрудит» (Саран) және «NANO балалары» (Шахтинск) командалары жүлделі ІІІ орынға ие болды. 

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button