Қарағандыда республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті
Облыстық «Әнет баба» мешіті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағандыда Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан XV республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті.

Байқаудың ашылуында Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы сөз сөйлеп, Құранның адамзат үшін рухани маңызына тоқталды. Сондай-ақ жатқа оқу мен оны мәнерлеп оқудың мәні, мұсылман қауымы үшін Құран жарыстарының тәрбиелік маңызы туралы айтты.
Іріктеу кезеңіне 49 қатысушы қатысты. Олар төрт номинация бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, үміткерлер Құран Кәрімді толық, 20 пара және 10 пара көлемінде жатқа оқу, сондай-ақ мәнерлеп оқу бағыттары бойынша өнер көрсетті.

Қатысушылардың оқу деңгейі мен орындау шеберлігін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Бауыржан қажы Мейірбекұлы, Шымкент қалалық «Halifa An-Nahayan Aqmeshiti» орталық мешітінің ұстазы Нұрсұлтан Орынбасарұлы Мамедалиев және Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінің наиб имамы Бақытжан қажы Жораханұлы бағалады.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Құран Кәрімнің 30 парасын жатқа оқу номинациясы:
- І орын – Волихан Мансурхан (500 мың теңге);
- ІІ орын – Абай Шыңғысұлы (300 мың теңге);
- ІІІ орын – Заманбек Бейсенбайұлы (200 мың теңге).
Құран Кәрімнің 20 парасын жатқа оқу номинациясы:
- І орын – Ахат Самғатұлы (300 мың теңге);
- ІІ орын – Эминтаев Асадулло (200 мың теңге);
- ІІІ орын – Алғабас Ернар (150 мың теңге).
Құран Кәрімнің 10 парасын жатқа оқу номинациясы:
- І орын – Абдулазиз Абдулбасит (200 мың теңге);
- ІІ орын – Саламат Мұхитұлы (150 мың теңге);
- ІІІ орын – Малғаждар Ибраһим (100 мың теңге).
Құран Кәрімді мәнерлеп оқу номинациясы:
- І орын – Әбілқасым Абдурахманұлы (150 мың теңге);
- ІІ орын – Дәулет Ізетбекұлы (100 мың теңге);
- ІІІ орын – Асылжан Шаһмерденұлы (50 мың теңге).

Іріктеу кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен қарилар XV республикалық Құран байқауында Қарағанды облысының намысын қорғайды.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



