Қарағандыда Республика күніне орай бір реттік жәрдемақыны кімдер ала алады?
Қарағанды қаласының әкімдігі ұлттық мереке – Республика күніне орай азаматтарға төленетін біржолғы жәрдемақы туралы хабарлады. Біржолғы төлемді: ҰОС ардагерлері мен ВИЧ індетін жұқтырған балалар, туберкулезбен ауыратындар, барлық топтағы мүгедектер және басқа санаттағы азаматтар алады.
Мерекеге орай мүмкіндігі шектеулі жандарға 20 мың теңге беріледі. ВИЧ індетін жұқтырған балаларға 87 мың теңгеге жуық жәрдемақы төленеді. Туберкулезбен ауыратын қарағандылықтарға 18 мың теңге көлемінде жәрдемақы беріледі. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге 15 мың теңгеден төленеді. Қарағандыда мұндай алты азамат бар. Жауынгерлік қимылдар ардагерлері мен Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюға қатысқан тұлғалардың әрқайсысына 44 мың теңгеден беріледі.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.