Қарағандыда патрон шығаратын зауыт іске қосылады
Қарағанды облысында 2018-ші жылы Кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша жалпы сомасы 41,5 млрд теңгені құрайтын, 700-ден астам жаңа жұмыс орындарын құратын 4 ірі жобаларды іске қосу жоспарланған. Олардың екеуі іске қосылған: 13 миллиард теңгеден астамқаражат Қарағандыдағы «Maker» ЖШС машинақұру өндірісін жаңғыртуға салынған, Шет ауданында «Sary-Arka Copper Processing» ЖШС катодтық мыс өндіретін зауыт салынды.
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста аймағымызда Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланды.
Индустриалдаудың екінші бес жылдығында облысымызда Кәсіпкерлікті қолдау картасының 45 жобасы жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде жалпы сомасы 157 млрд теңгені құрайтын, 2000-нан астам жаңа жұмыс орындарын құратын 28 жоба іске қосылды.
– Жарты жылдықтың қорытындысы бойынша бағдарламаның барлық негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізілген. Өңдеу өнеркәсібінде физикалық көлем индексі 2017-ші жылмен салыстырғанда 4,6%-ға ұлғайған. Ақшаға шаққанда ол 992,4 млрд теңге, – деп мәлімдеді Өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмасұлтанов.
Машина құру саласында өндіріс екі екеге артқан, фармацевтикада – 41,9%, қара металлургияда – 3,5%.
Өңдеу өнеркәсібінің экспорты 755 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 23,8%-ға өскен. Экономиканың осы секторының өнімдері бүгінгі таңда әлемнің 49 еліне экспортталады. Қарағанды облысы мыс және жалпақ илек жеткізу бойынша көшбасшы болып табылады.
Облыста еңбек өнімділігі 7,5% өсіп, бір адам басына 12 мың АҚШ долларын құраған.
Экономиканың өсу нүктесінің бірі «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймақ болып табылады. АЭА қатысушыларының мәртебесіне 14 компания ие. Оның аумағында алты кәсіпорын қызмет етеді.
– АЭА қатысушыларымен жобаларға 44,1 млрд теңге инвестицияланған, 58,6 млрд теге сомасына өнім өндірілген, 652 жұмыс орындары құрылған. Қайтарылым бюджеттен АЭА инфрақұрылымының құрылысына салынған 1 теңгесі екі теңгені құрап отыр, – деп ақпараттандырды Ғалымжан Жұмасұлтанов. – Жүзеге асыру барысында тағы 8 жоба тұр, олардың ішінде биылғы жылы «Steel Manufacturing» ЖШС патрон шығару зауыты бар. Бұл жобаны жүзеге асыру барысында 164 жұмыс орны ашылады, инвестициялар 28 млрд теңгені құрайды.
2018-ші жылы 4 зауыттың құрылысы басталады – өнеркәсіптік жарылғыш заттарды, ферросиликоаллюминий, болат тік жапсарлы үлкен диаметрлі құбырлар мен отқа төзімді материалдар шығару бойынша.
2019-шы жылы «Отемис Ltd» ЖШС полимербетон өнімдерін өндіру бойынша жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Оның құны 1,2 млрд теңгені құрайды, 128 жаңа жұмыс орындары құрылады.
– АЭА дамыту әлеуетін біз бос аумақтарды гидравликалық жабдықтарды, синтетикалық жуғыш заттар, ауылшаруашылық, тау-кен өту техникасы және тағы да бірқатар бағыттар бойынша жүзеге асырылатын жобалармен толтыру арқылы арттыруды көздеп отырмыз. Әрбір бағыт бойынша инвесторлармен жұмыстар жасалып жатыр. 2022-ші жылға дейін АЭА толықтай жобалармен толтыруды жоспарлап отырмыз, – деді баяндамашы.
Басқарма басшысы облысымыздың ірі тау-кен – металлургиялық кәсіпорындарымен «Индустрия 4.0» жаңа технологиялары мен элементтерінің енгізілуі туралы айтып берді. «Евразиан Фудс» ЖШС құны 0,5 млрд теңгені құрайтын фабриканың цифрлік моделін құру бойынша жобаны жүзеге асырып жатыр.
Жыл қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінде құндық көлем 2017-ші жылмен салыстырғанда 2,3% өседі деп болжамдалып отыр.
Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі