Жаңалықтар

Қарағандыда “Отан қорғаушылары” патриоттық акциясы басталды

Қарағанды жастары “Отан қорғаушылар” патриоттық акциясына қатысуда. Облыста Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары әзірленген-ді.

Оған әр түрлі форматтағы 100-ден астам іс-шаралар кірді: әскери-спорттық жарыстар, байқаулар, фестивальдар, кездесулер, флешмобтар, әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу және тағы басқа.
Акцияның мақсаты – жастардың бойында жаңа қазақстандық патриотизм қағидаттарын қалыптастыру, ұрпақтар сабақтастығын дамыту, әскери қызметтің беделін арттыру.
Акция аясында Шахтинск қаласында 6505 әскери бөлімінде “Жас сарбаз” әскери-патриоттық әндер байқауы өтті. “Мен қазақтың сарбазы” концертіне қатысушылар солдаттық, әскери және патриоттық әндерді орындады. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Басқа материалдар

Back to top button