Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда – Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы

Кеше Қарағанды қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХХVI сессиясы өтіп, күн тәртібінде халық қалаулылары облыс орталығындағы Бейбітшілік бульвары мен Нарманбет Төлепов көшесін біріктіру арқылы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, Олимпийская көшесін Нарманбет Төлепов көшесі ретінде атау туралы ұсынысты ономастикалық комиссияның қарауына енгізді.

Сессияға Қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты.

Қала әкімі Нұрлан Әубәкіров бұл ұсыныстың маңыздылығына тоқталып, депутаттарға оны қолдау туралы өтініш білдірсе, қалалық мәслихат хатшысы Құдайберген Бексұлтанов Тұңғыш Президент ел тізгінін ұстаған жылдары мемлекет жеткен жетістіктерге тоқталып, қатысушыларды пікір алмасуға шақырды. Қолдау білдіргендер қатарында Николай Дрижд, Григорий Презент сынды аймаққа танымал тұлғалар болды. Сөйтіп, қалалық әкімдік мүшелері мен қалалық мәслихат депуаттары кезек пе кезек дауыс беріп, барлығы күн тәртібіндегі ұсынысты құптады.

Осы күні облыстық мәслихаттың да кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия барысында депутаттар Бейбітшілік бульвары мен Н.Төлепов көшесін біріктіру арқылы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп атау туралы ұсынысты бірауыздан қолдады.

Қарағанды облысы қашан да Елбасының еңбек және саяси Отаны болды. Сондықтан, Бейбітшілік бульвары мен Н.Төлепов көшесін біріктіру арқылы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп атау – өте орынды. Себебі, осы көше бойында Тұңғыш Президент тәлім алып, еңбек еткен еді. Бұл – қаладағы ең әсем көшелердің бірі, – деді облыс әкімі Ерлан Қошанов.

Рауан ҚАБИДОЛДИН.

Басқа материалдар

Back to top button