Қарағандыда Кәріпбек Күйіковтің мерейтойлық көрмесі өтеді

19 шілде күні Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Кәріпбек Күйіковтің 50 жылдық меретойына арналған «Жарты ғасыр — пол века» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді, — деп хабарлайды Ortalyq.kz

Кәріпбек Күйіков 1968 жылы Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген. Өзінің ерекше дарынымен көпке танылған суретші ядролық қаруға қарсы халықаралық қозғалыстардың белсенді мүшесі. Оның картиналары Америка, Жапония, Германия елдерінің мемлекеттік және жеке меншік көрмелерге қойылған. Ол 1989 жылы «Невада — Семипалатинск» қозғалысы делегациясымен бірге Америка, Жапония, Германия және Түркия елдерінде болып, Семей полигонының жабылуын қолдап сөз сөйлеген.  

Елу жылдық мерейтойға арналған шара «Сарыжайлау» кинотеатрымен бірлестікте ұйымдастырылуда. Көрмеге суретшінің 57 жұмысы қойылады. Олардың қатарында автордың, «Алғашқы жарылыс», «Балқантау», «Автопортрет», «Жамбыл Жабаев» және басқа да танымал суреттері бар. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.