Бас тақырыпОблыс әкімі

Қарағандыда көпбалалы аналар баспаналы болды

Қазақстан халқының бірлігі күні аясында қарағандылық көпбалалы отбасылар баспаналы болып, қоныс тойларын атап өтті. Дәл осы күні облыс аумағында 27 отбасыға пәтер кілті табысталды. Сондай-ақ, кеншілер шаһарындағы “Үш жапырақ” тұрғын үй кешеніне алғашқы 10 отбасы қоныстанды.  

– Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл ең мейірімді және жарқын мерекелердің бірі. Еліміздің ең басты байлығы – бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан біздің халқымыз. Елбасының арқасында елімізде ұлтаралық келісімнің бірегей үлгісі, сенім, ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің ерекше ахуалы қалыптасты. Бұл – біздің күшіміз.үгін біз тағы бір қуанышты себеппен жиналып отырмыз. Арамызда қазір бізбен бірге көп балалы отбасылар тұр, олар Қарағандының жаңа орталығының 24 қабатты жайлы тұрғын үй кешенінің алғашқы тұрғындары болады,  – деді аймақ басшысы Ерлан Қошанов.

Мереке күні Теміртау, Балқаш,   Саран, Шахтинск, Приозерск, Қаражал қалаларында және Абай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Жаңаарқа, Нұра аудандарында тұратын көпбалалы отбасыларға да пәтер кілттері табысталды. 

Басқа материалдар

Back to top button