АймақЖаңалықтар

Қарағандыда ішімдік ішкен автобус жүргізушісі ұсталды

Қарағандыда таңертеңгі уақытта патрульдік полицейлер құжат тексеру үшін жұмыс автобусын тоқтатты. Салонда 15 жолаушы, яғни жергілікті компанияның қызметкерлері болған.

Сурет: m.kolesa.kz

Құжаттарды тексеру барысында 50 жастағы көлік жүргізушісінен алкогольдің қатты иісі шыққан. Ол өткен түні ішімдік ішкенін мойындады. Жүргізуші медициналық тексеруден өтуден бас тартты. Жиналған материалдар сотқа жолданып, автобус уақытша ұстау изоляторына қойылды.

Полицейлер жолаушылар тасымалдайтын жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button