Аймақ

Аймақта фельдъегерлер арасында өңірлік үстел теннисі турнирі өтіп жатыр

Қарағандыда Қазақстан Республикасы Үкіметі  аппаратының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің 35 жылдық мерейтойына орай аумақтық бөлімшелер қызметкерлері арасында үстел теннисінен өңірлік турнир басталды.

Суретті түсірген автор

Турнирге Жезқазған, Семей, Павлодар, Петропавл, Өскемен және Қарағанды қаласы фельдъегерлік қызметі басқармаларының мамандары қатысып жатыр. Ашылу салтанатына Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі бастығының орынбасары Мақсат Бекмұхаммедов және Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Жанат Жасұланұлы қатысты.

Сарыарқа төрінде өтетін үстел теннисі турниріне қош келдіңіздер. Бүгінгі жарыста барлық спортшыларға сәттілік тілеймін. Бұл сайыс кіл мықтыларды анықтайды, – деді  Мақсат Жексенғалиұлы.

Айта кетсек, сайыс бұған дейін Ақтөбе қаласында өткен. Жылдық жоспарға сай, биыл әр өңірде спорттық іс-шаралардың өтуі жоспарға алынған. Әр қаладан команда бойынша екі адамнан келді. Соның бірі Павлодар облысының спортшысы Әсет Жулаушинов.

– Бүгінгі сайысқа үлкен үмітпен келдік. Жеңісті қолдан бермейміз деп сенемін. Бұл салада жұмыс жасап жүргеніме биыл – 20 жыл. Осындай жарыстар әр жыл сайын өтіп тұрады. Бірер сағаттардан кейін жеңіспен қайтамыз деген ойдамын, – деді Әсет Жулаушинов.

Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Диана ТІЛЕМІС
Е.Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ -дың 4 курс студенті

Басқа материалдар

Back to top button