Жаңалықтар

Қарағандыда екі автобустың соқтығысуына кінәлі жүргізушіге қылмыстық іс қозғалды

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 25 қарашасында таңғы сағат 9-дан кейін Қарағандыда «ДСК» көпірінде жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы орын алған болатын. Көпірде № 146 және № 41 екі автобустары соқтығысқан.

Белгілі болғандай № 41 автобуста жолаушылар болмаған, ал  № 146 автобус толы жолаушы болған. Апат кезінде полицейлер апатқа ешкімді кінәлі деп таныған жоқ. Бірақ кейінірек желіде көпірден түсірілгее бейнежазба пайда болды, онда №146 автобус жүргізушісі қатты жылдамдықпен келе жатқанын және қарсы жолаққа шығып кеткенін көруге болады. Содан кейін ол басты күдікті болып саналды.

№ 41 автобустың жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. № 146 автобустағы жолаушылардың арасында  зардап шеккендер болды, оның ішінде автобус жүргізушісінің өзі де бар. Сол кезде барлығы 18 зардап шегуші Мақажанов атындағы ауруханаға жеткізілген болатын. Олардың төртеуі өте ауыр жағдайда болған. Оның ішінде № 146 автобус жүргізушісі және 19 жастағы жолаушы бар.

Бірақ кейінірек 19 жастағы жолаушыны дәрігерлер құтқаруға  қанша тырысса да, алған жарақаттары тым ауыр болуы салдарынан ол ауруханада көз жұмған.

Полиция ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша «Автокөлікті, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлік құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыруы» бойынша кінәлі деп танылған №146 автобус жүргізушісіне  қылмыстық іс қозғады.

№ 146 автобустың жүргізушісі ұзақ уақыт ауруханада болды. Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, ол 31 қаңтарда медициналық мекемеден шығарылды. Осы уақытта полиция тергеу жүргізді. Барлық сараптамалар кешенін жүргізу көп уақытты қажет етті.

Полицияда ресми деректер жарияланды, іс ақыры сотқа берілгені белгілі болды.

–        Өткен жылдың 25 қарашасында Қарағандыда резонанстық жол-көлік оқиғасы орын алды. 32 жастағы жолаушылар автобусының жүргізушісі Саран қаласы жағынан Қарағанды қаласы Баженов көшесіне қарай жүрді. Жол өтпесінде рульді басқара алмай, қатты жылдамдықпен қарсы жолаққа шығып кетіп, Yuntong жолаушылар автобусымен бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан Yuntong автобусының жүргізушісі мен Мерседес-Бенц автобусының жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Бес жолаушы денсаулығына ауыр зиян келтірген дене жарақатын алды, он жолаушы орташа дене жарақатын алды. Қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша жол-көлік оқиғасының кінәлісіне қатысты тергеу аяқталды және соттың қарауына жіберілді,-деді Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы генерал-майор Ерлан Файзуллин.

Тыңдау күні әлі белгіленбеген.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button