Қарағандыда екі қабатты ЖШС ғимараты өртенді
Бүгін, 7 сәуір күні сағат 15:40-та Қарағандыда Төтенше жағдайлар департаментіне «Бытовая» көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
«КазСанВенСтрой» ЖШС екі қабатты ғимаратының 250 шаршы метр аумақта шатыры мен терезе, есік блоктары жанған.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 34 құтқарушысы мен 8 техникасы жұмылдырылды. Құтқарушылар өрттің таралу қаупін жойып, өрт сағат 17:00-де ауыздықталды.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz