Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда бірегей сауда орталығы ашылады

Қарағанды «Альфарух» ЖШС көтерме-тарату орталығы – еліміздегі жаңа үлгідегі ең ірі технологиялық алаң болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, көтерме-тарату орталығының құрылысына қаланың жаңа орталығында ауқымды жер телімі бөлінген болатын. Бұл аумақта әртүрлі климатты және құрғақ қоймалар, түрлі температуралық режимі бар камераларды қамтитын қойма терминалдары салынған. Бірегей кросс-доктар – жабық павильондар салынды, онда бір мезгілде 164 жүк көліктері орналасуы мүмкін. Үй-жайлар желдетілетін және жылытылатын болады. Алғашқы болып осындай жүйені елімізде қарағандылықтар енгізді. Сонымен қатар, көтерме және бөлшек сауда үшін үлкен жабық базар салынуда.

Жоба мемлекеттік қолдауға ие болды. «Бизнестің жол картасы» бойынша инвесторға несие берілген болатын. Ал, қажетті коммуникацияларды, оның ішінде темір жолдарды жүргізу мемлекет тарапынан қаржыландырылады.

 «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде фермерлер мен олардың өнімдерін сатып алушылар үшін электрондық сауда алаңы құрылатын болады. Жеткізушілердің ыңғайлылығы үшін сол жерде кедендік аймақ ашылмақ.

 Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button