Жаңалықтар

Қарағандыда қазіргі уақытта 221 адамға іздеу жарияланған

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 748 адам іздестірілуде, олардың 2 176 хабар-ошарсыз жоғалғандар.

Жоғалған адамдардың көп бөлігі:
Алматы қаласы – 287;
Қарағанды облысы-221;
Павлодар облысы-170;
Алматы облысы – 167 тіркелген.
Сондай-ақ елде тергеу мен соттан жасырынған 2 372 адам іздестіріліп жатыр.

Олардың ең көп саны алаяқтық (510), ұрлық (318) және кісі өлтіру (146) дерегі бойынша:
Алматы қаласында (514)
Астана қаласында (185)
Шымкент қаласында (155)
Алматы (143)
Қарағанды (140) облыстарында іздестірілуде.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button