Аймақ
Қарағандыда №63 автобустың қозғалыс бағыты өзгереді
Қарағанды қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, Ерубаев көшесіндегі жол бөлігіне орташа жөндеу жұмыстары басталады. Осыған байланысты Лобода көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы уақытша жабылады.

Жөндеу жұмыстары бүгін, 21 мамыр күні сағат 15:00-де басталды.
Осыған орай №63 бағыттағы автобустың қозғалыс сызбасы өзгереді. Сондай-ақ, жүргізушілерге жол бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



