Жаңалықтар

Қарағандыда 161 даярлық сыныбы ашылады

Биыл Қарағанды қаласында бес жасар балаларға арналған 190 мектеп алды даярлық сыныбы ашылады. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен аппарат мәжілісінде қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім ҚОЖАХМЕТОВА мәлімдеді.

Жекеменшік балабақшалар құрылысы мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы нәтижесінде облыс орталығындағы №27, 51, 82, 83 және 8 жалпы білім беретін мектептерде бес шағын орталық жабылды. Мектепалды даярлық және қосымша білім беру сыныптары осы босаған орындарда орналасатын болады.

Оған 5-6 жастағы балалар қабылданады. Сөйтіп, болашақ 1-сынып оқушыларын мектепке сапалы дайындау және балабақшалардың жоғары топтарында орын босату мүмкіндігі пайда болды. Нәтижесінде, биылғы оқу жылында мектепке дейінгі сыныпқа 3000-ға жуық бала бара алады. Тағы 6748 бала алғашқы сыныпқа балабақшаларда даярланады. Айта кетейік, 1 тамызда қаланың барлық білім беру мекемелерінде мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген балалар үшін «Бүлдіршіндер мектебі» дайындық курсы басталған болатын.

Сонымен қатар, биылғы оқу жылында Қарағанды мектептерінде 42 қосымша инклюзивті сынып ашылады. Қазір қаланың 28 мектебінде осындай 161 сынып жұмыс істейді. Қарапайым балалармен бірге оларда ерекше қажеттіліктері бар 230 бала оқиды.

  • Қарағанды – әзірге инклюзивті білім беруді дамытуға мемлекеттік тапсырыс алған және жүзеге асырып отырған жалғыз қала. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тапсырыс көлемі анықталды. Яғни, инклюзивті топта – 34000 теңге, арнайы топта – 52000 теңге, – деді Гүлсім Қожахметова.

Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға ыңғайлы болу үшін мектептерде пандустар орнатылып, логопедтер мен психологтердің кабинеттері жабдықталады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button