Қарағандыда 1 адам коронавирустан жазылды

Қарағанды облысында бір адам коронавирус инфекциясынан жазылып, ауруханадан шықты. Бұл туралы  coronavirus2020.kz хабарлады. 

«Бүгін облысымызда бір адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.  Оның денсаулығы екі мәрте тексерілді және бойында ауру белгілері жоқ екені анықталды. Десек те, оған 14 күн үй карантинінде болу ұсынылды», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Сондай-ақ, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында 3 науқастың емделіп шыққаны белгілі болды.  Жалпы алғанда елімізде қауіпті індеттен жазылып шыққандардың саны 68 адамға жетті.  ⠀