Жаңалықтар

Қарағанды талапкерлерінің 78%-ы наурыздағы ҰБТ-да шекті балл жинады

Облысымызда наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды. Қарағандыда ҰБТ-ны барлығы 5 мыңға жуық талапкер тапсырды, оның ішінде түлектердің 75%-ы қазақ тілінде, 25%-ы орыс тілінде, 14 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, тапсырушылар арасында ерекше қажеттіліктері бар 14 бала болды. Үміткерлердің 78%ы шекті балл жинады, ал орташа балл 70 болды. Бұл жолы облыста жинаған ұпайлардың максималды саны 140, мүмкін болған жағдайда 131-ге жетті. Пәндердің ең танымал комбинациялары «Математика-Физика», «Биология-Химия» болды, ал IT-бағыттарына түсу үшін қажетті «Математика-Информатика» жаңа комбинациясын ҰБТ қатысушыларының 11%-ы таңдады.

Сурет: jambylinfo.kz

Наурыздағы ҰБТ нәтижелерімен тек ақылы бөлімге түсуге болады. Мамырдан бастап маусымға дейінгі ҰБТ нәтижелерімен ЖОО грантқ байқауына тапсыруға болады.

Осы айда тыйым салынған заттарды алып кіру әрекетіне байланысты 12 талапкер тестілеуден өту мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 1 адам шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, 28 сәуірден 14 мамырға дейін жазғы негізгі ҰБТ-ға тіркеу басталады, оның сертификатымен ҚР Білім беру гранты конкурсына қатысуға болады. Жазғы ҰБТ 16 мамырдан 5 шілдеге дейін өтеді. Осы кезеңде талапкерлер ҰБТ-ны екі рет-тегін тапсыра алады. Сондай-ақ, тіркеу кезінде тапсырушылардың өздері тест тапсыру орнын, күнін және уақытын таңдайды.

Ұлттық жоғары оқу орындарына өту балдары кемінде 65 баллды, «Педагогикалық ғылымдар» және «Құқық» білім беру саласы бойынша кемінде 75 баллды құрайды. «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» және «Ветеринария» мамандықтары бойынша талапкерге кемінде 60 балл, ал «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» бағыттары үшін кемінде 70 балл қажет болады. Басқа мамандықтар үшін шекті балл кемінде 50 балл.

Сонымен қатар, әрбір ЖОО білім беру бағдарламаларының топтары бойынша өзінің өту балын белгілейді. Бейіндік пәндер білім беру бағдарламаларының таңдалған тобына сәйкес таңдалады.

Ал төмендегідей түлектер тестілеуден өте алмайды, дейді ҰТО мамандары:

– биыл ҚР жоғары оқу орнына түспейтіндер;

– арнаулы орта білім беруді таңдайтындар және ЖОО – ға түсуді жоспарламайтындар;

– шетелдік жоғары оқу орнына түсуді жоспарлап отырғандар.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button