Аймақ

Қарағанды полициясы қызмет өткерудің күшейтілген кестесіне көшті

Қарағанды полициясы қызмет өткерудің күшейтілген кестесіне көшті. Қарағанды қаласында мереке күндері қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, өңірдегі тыныштықты қадағалау мақсатында қалалық полиция басқармасы қызметкерлерімен Ұлттық Ұлан жауынгерлерінің бірлескен жалпы саптық таратылымы өтті. Таратылым барысында департамент бастығы Санжар Әділов тәртіп сақшыларына облыс орталығындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

– Біздің білесіздер басты міндетіміз – тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Азаматтар өздерін қауіпсіз сезінуі керек. Қарағанды облысы полиция департаментінің гарнизоны құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жүктелген міндеттерді лайықты орындайды деп сенемін, – деді департамент бастығы.

Нұсқама беріп, Ата заң мерекесімен әріптестерін құттықтаған соң, облыстың бас сақшысы ел тыныштығы жолында полиция қызметкерлерімен бірге қала көшелерінде тәртіп күзетінде жүрген бірқатар ұлттық ұлан жауынгерлерін марапаттады.

 

Жалпы саптық таратылым соңында сап түзеген тәртіп сақшыларымен жауынгерлер салтанаттық шеру жасап, қызмет орындарына аттанды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button