Қарағанды облысының әкімі металлургтер күнімен құттықтады
Құрметті металлургтер!
Кәсіби мерекелеріңіз – Металлург күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
Металлург күні – төзімді, өз кәсібіне адал, ермінезді, ұстамды жандардың мерекесі. Өндірісте шыңдалған адамдар әрқашан адал еңбек жасап, алдыңғы буынның сара жолын, дәстүрін жалғастырады.
Металлургия отандық экономиканы алға бастаушы сала болып қала береді. Ол арқылы елдің өнеркәсіптік қуаты арта түседі. Бұл – аса жауапты және ілкімді іс.
Теміртау, Жезқазған, Балқаш және Қаражал қалаларының металлургтері ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына орай әзірленген Индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді араласады.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен өндіріс өнімділігін, отандық өнеркәсіп пен экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған «Индустрия 4.0» элементтерін қолданысқа енгізуге де үлкен көңіл бөлінуде.
Үздік технологияларды қолдану мен саланы цифрландыру нәтижесінде, өндірістік көрсеткіштер жақсарып, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Жәйрем КБК» АҚ, «Шұбаркөл көмір» АҚ, «Алтыналмас» кәсіпорны сияқты ірі өндіріс ошақтарында жаңа жобалар жүзеге асырылуда.
Кадрлық әлеует, дәстүр мен жаңа технологиялар – осының барлығы металлургтерге өндірістегі жауапты міндеттерді орындауға септігін тигізеді.
Бүгінгі өндірісті автоматтандыру процестеріне қарамастан, Сіздердің күш-қайраттараңыз кеннен жоғары сапалы, елдің ішкі нарығымен қатар, сыртқы нарықта да жоғары сұранысқа ие металл алуға мүмкіндік беруде.
Біз өңірдің металлургиялық өнеркәсібінің бастауында тұрған және алдыңғы буынның ізін жалғап, осы күні металлургиялық кәсіпорындарда еңбектеніп жүрген азаматтарға ерекше алғысымызды білдіреміз. Сіздердің шеберліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен өз істеріңізге адалдықтарыңыз шексіз құрметке лайық.
Сіздерге, туған-туыстарыңызға шын жүректен зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға ырыс-береке және жемісті еңбек тілейміз!
Е.ҚОШАНОВ, Қарағанды облысының әкімі.
С.ӨТЕШОВ, облыстық мәслихат хатшысы