Жаңалықтар

Қарағанды облысының кәсіпкерлеріне көрнекі ақпаратты мемлекеттік тілге аударуға көмек көрсетіледі

Үш мыңға жуық кәсіпкер Қарағанды облысында көрнекі ақпаратты мемлекеттік тілге аударуда әдістемелік көмек алады. 15 сәуірден бастап өңірде “Көркем ақпарат пен жарнаманың тілін біріздендіру” әлеуметтік жобасы басталады.

Ол жарнамалық және көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі қателерді анықтау және түзету бойынша әдістемелік көмек көрсетуге, сондай-ақ клиенттерге қызмет көрсету процесінде туындайтын тілдік қақтығыстардың алдын алуға бағытталған.

“Жоба 2020 жылдан бастап сәтті жүзеге асырылуда. Біздің басты мақсатымыз – кәсіпкерлерге мемлекеттік тілдегі билбордтарды, баннерлерді сауатты рәсімдеуге көмектесу, – дейді Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы. – Сонымен қатар, біз үнемі рейдтік іс-шаралар өткіземіз. Мысалы, өткен жылы 3024 нысан қамтылып, 758 кәсіпкерге аудармашы тегін көмек көрсетті. Биыл тағы 3 мың нысанды қамтуды жоспарлап отырмыз.

Өткен жылы кәсіпкерлерге көмектесу үшін Call-center іске қосылды. Ол арқылы 5 мыңнан астам сұраныс өңделді. Биыл – 728.

Сондай-ақ, жоба аясында “Сауатты жарнама – сауатты кәсіпкер” акциясы ұйымдастырылады. Кәсіпкерлік объектілерінің қызметкерлерін қазақ тілін оқыту бойынша қысқа мерзімді курстарға тарту жоспарлануда.

“Көркем ақпарат пен жарнамның тілін біріздендіру” әлеуметтік жобасын іске асыру мерзімі 15 сәуірден 25 қарашаға дейін. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 8-708-704-99-75 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button