Басты тақырып

Қарағанды облысының байланыс кәсіпорнына – 80 жыл

     Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойымен бірге өз 80 жылдығын Қарағанды облыстық телекоммуникация дирекциясы тойлады.

     Қарағанды облысы 1936 жылғы 1 қазанда құрылды және облыстардың қайта құрылуына байланысты, тап сол күні Қарағанды облыстық байланыс басқармасы құрылған болатын. Өзінің іс-қимылының басынан бастап, облыстық байланыс басқармасы ҚазКСР ХКК жанындағы КСРО Байланыс халық комиссариаты басқармасы арқылы соған бағыныштылықта болды. Жаңа басқарма облыстағы пайдалану-шаруашылық органы болып табылды.

     Кеңес жылдары Қарағанды облыстық байланыс басқармасының ұйымдастырылған кезінде облыс аумағында 400000-ға жететін 16 аудан, 190 селолық кеңес, 1569 елді мекен, 607 колхоз, 12 кеңшар орналасты. Барлық елді мекендерге телефон сымдарын тартып, байланыспен қамтамасыз етіп, облыс орталығынан алыс орналасқан кеніштерімен, бөлімшелерімен, пайдалы қазбалардың кен орындарымен, жаңадан салынып жатқан қара және түрлі-түсті металлургия орындарымен байланыстыру қажет болды.

      Сексен жылда Қарағанды байланыс кәсіпорны көптеген өзгерістерден өтті. Байланыс тарихи оқиғалармен бірге дамыды – өндіріс Кеңес Одағының ыдырауынан бұрын да және одан да кейін де – 1994 жылдан бастап, «Қазақтелеком» Ұлттық акционерлік компаниясы ретінде қарқынды дамыды. Бүгінгі таңда Қарағанды облыстық телекоммуникация дирекциясы интернет, телефония, теледидар қызметтерімен барлық облысты қамтамасыз етіп отыр.

     Кәсіби мейрамды – Қарағанды облысының байланыс кәсіпорнының 80 жылдық мерейтойын, жылдың басты оқиғасынан бөлмей, Тәуелсіздікке 25 жылдық мерейтойымен бірге «Қазақтелеком» АҚ қарағандылық филиалының қызметкерлері мерекелік бағдарламасын ұйымдастырды. Қарағанды ОТД-ның Бас директоры Боранбай Аманов құттықтау сөзінде, байланыс өндірісінің дамуының басты кезеңдерін атап өтіп, байланыс саласына өз үлестерін қосқан тұлғалар туралы айтты. Филиал басшылығы үздік қызметкерлерді атап, олардың ішінде, 2 «Үздік байланысшы» медалінің иегерлері, Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасының 7 иегері, Қарағанды қаласы әкімінің Құрмет грамотасының 5 иегері, Қазыбек би ауданы әкімінің Құрмет грамотасының 4 иегері, «Қазақтелеком» АҚ-ның Құрмет грамотасының 4 иегері, «Самұрұқ Қазына» Құрмет грамотасының 1 иегері бар.

Регина ШАРАНКОВА.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button