Бас тақырып

Қарағанды облысындағы өртті сөндіруде құралдар жетіспейді. Бары 70-жылғы

Шет ауданы Талды елді мекенінің маңындағы Қотыртау беткейінде шыққан өрт өршіп тұр. Облыстың төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Қатпановтың мәлімдеуінше, жергілікті өрт сөндірушілер арнайы жабдықпен толық жарақталмаған. Минералданған жолақтар кем. Заманауи спутниктік навигация жүйесі жолға қойылмаған. Радиостанциялардың жұмысы мардымсыз.

 

Өртті сөндіруге жеке құрамдағы 146 адам және 25 бірлік техника жұмылдырылды. Тау аңғарына техника бара алмайды. Бұл жағдайды ушықтырып тұр. Шілденің аптабы мен аңызақ жел де өрт сөндіруде қиындық туғызуда. Өртті сөндіру техникадан гөрі, адамдардың күшімен жүзеге асуда.

Жабдық көлемі жыл сайын артқанымен аудандардағы орман шаруашылықтарындағы жеке құрам қызметкерлерінің аздығы да қолбайлау болып тұр. Ұлттық парктерде де өрт сөндіру құрылғыларының жеткіліксіздігі аталған кезеңде өртпен күресте кедергі келтіріп тұр. Қолдағы құрылғылар ескі. Қажетті құралдар 70-ші жылдардан қолданылып келеді. Кешенді жаңарту амалдары ауадай қажет екендігін түсінеміз. Сондықтан, шығыны аз, тез құрастырылатын модульдік ангарлар тұрғызуды ұсынамыз, – деді Мұрат Қатпанов.

Салтанат ІЛИЯШ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button