Бас тақырып

Қарағанды облысындағы көмір сату орындары белгіленді

«Шұбаркөл көмір» АҚ бас директоры Сергей Ким кәсіпорын аумағынан көмірді өз бетінше алып кетуге тыйым салынғанын ресми хабарлады. Мақсат – көмірдің ел арасында қатқа айналуын жою.

 

– 2023 жылы биржалық сауда-саттық қорытындысында коммуналдық-тұрмыстық көмірді көтерме сатып алушы ретінде «Көмір гарант» ЖШС анықталды. Компания төрт отын пунктін құру туралы шешім қабылдады: екеуі – Ұлытау облысында, біреуі – Қостанай облысында және біреуі Қарағанды облысының Осакаровка кентінде. Осы отын базаларына көмір жеткізу теміржол арқылы үздіксіз жүргізіледі. Сондай-ақ, халыққа көмір жеткізетін жақын маңдағы тоғыз пункт бар, – деді «Шұбаркөл Көмір» АҚ бас директоры Сергей Ким.

 

«Шұбаркөл Көмір» АҚ-ы 1-қаңтардан алып кету бекеттерінде бағаны 13 пайызға өсірген. Бұл баға кейінгі 5 жылда өспегенін айтады Сергей Ким. «Шұбаркөл» алаңында сұраныс күшейгенде былтыр 400-ге жуық көлік үш тәуліктеп кезекте тұрғаны мәлім. Осылайша тиімсіз делдалдар коммуналдық тұрмыстық таскөмірдің басым бөлігін эскпорттап, тапшылық туындауына себепші болған.

 

Разрездің маңайындағы 100 шақырымда орналасқан ауыл-аймақтың бәрі көмірмен қамтылады. Оларға бұрынғыша көмір алуына мүмкіндік қарастырылған.

Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Абзал Рахымбаев өңірлік операторларға тиісті ұсынымдар жолданғанын айтады.

 

Онда көмір бағасы, қоры, жеткізілу мәселелері нақтыланған. Оның мәлімдеуінше, Қарағанды қаласы бойынша 20 оператор бар. Жергілікті «Рапид», «Exim Artis» ЖШС кен орындары да тікелей сатуды жоспарлаған.

 

Қызғалдақ АЙТЖАН,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button