Бас тақырыпКоронавирус

Қарағанды облысындағы эпидемиологиялық жағдай (14.04.2020)

14 сәуірдегі соңғы мәліметтер бойынша Қарағанды облысы аумағында 77 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды. Олардың ішінде 1 адам қайтыс болды және 1 адам сырқаттан айығып, ауруханадан шығарылды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Індеттің таралу картасына зер салсақ:

Қарағанды қаласында – 43 адам;

Теміртауда – 13 адам;

Шахтинскте – 7 адам;

Саранда – 1 адам;

Бұқар жырау ауданында – 1 адам;

Шет ауданында – 1 адам.

Індетке шалдыққан азаматтардың жас айырмашылығы қандай?

Дертке шалдыққандарды тексеру барысында 20-29 жас аралығындағы 17 азаматтан  және 14 жасқа толмаған 15 баладан коронавирус табылды. Сондай-ақ, 30-39 жас аралығында 12 адамнан және  60 жастан асып кеткен 11 тұрғынның індетке шалдыққаны расталды. Бұдан бөлек, 40-49 жас аралығындағы 12 адамның және 50-59 жас аралығындағы 7 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды. Сонымен қатар, 3 жасөспірім СOVID-19 жұқтырған.

Басқа материалдар

Back to top button