Жаңалықтар

Қарағанды облысындағы бірнеше ауылға қазақша атау беру ұсынылды

Қарағанды облысына қарасты бірқатар ауылдық округ пен елді мекенге қазақша атау берілмек. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған өңір әкімдігі мен маслихаттың бірлескен шешімінде жазылған.

«Бұқар Жырау ауданы Үштөбе ауылдық округіндегі Новостройка ауылы Атамекен ауылы болып өзгертілсін.

Осакаров ауданының келесі ауылдық округтері мен ауылдары:

Звездный ауылдық округі – Жұлдыз ауылдық округіне;

Тельман ауылдық округі – Нияз ауылдық округіне;

Звездный ауылдық округіндегі Звездное ауылы – Жұлдыз ауылына;

Николаевка ауылдық округіндегі Комсомольское ауылы – Қайыңды ауылына;

Қаратомар ауылдық округіндегі Сенакосное ауылы – Қаратомар ауылына;

Тельман ауылдық округіндегі Тельманское ауылы – Қаракөл ауылына;

Садовый ауылдық округіндегі Чапаево ауылы – Жаңатоған ауылына ауыстырылсын», – деп жазылған облысының әкімдігінің қаулысы мен мәслихаттың шешім құжатында.

Шешім жобасы 27 сәуірге дейін көпшілік талқылауында болады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button