Аймақ

Қарағанды облысында туристік әлеуетті танытқан ақпараттық турлар өтті

Қарағанды облысының Абай, Ақтоғай және Шет аудандарында туристік сала өкілдеріне арналған ақпараттық турлар ұйымдастырылды. Іс-шараға туристер мен туризмді дамытуға мүдделі азаматтар қатысты.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Ақпараттық турлардың мақсаты – өңірдің табиғи, тарихи-мәдени және археологиялық нысандарын кеңінен насихаттап, ішкі туризмді дамыту және туристік тартымдылығын арттыру. Сонымен қатар қатысушылардың туған өлкені тануға қызығушылығын күшейтіп, экологиялық мәдениетті қалыптастыру көзделді.

Бағдарлама аясында қатысушылар археологиялық ескерткіштермен, соның ішінде қорымдармен танысып, табиғи локациялар – каньондар мен тау жоталарын аралады. Маршруттар тау соқпақтары, табиғи лабиринттер мен жартасты аймақтарды қамтып, өңірдің бірегей табиғатын көрсетуге мүмкіндік берді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, барлық шаралар толық көлемде өткізілді.

Тур барысында экологиялық жауапкершілікке де басымдық берілді. Қатысушылар тұрмыстық қалдықтарды жинап, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.

Мұндай бастамалар өңірде танымдық және экологиялық туризмді дамытуға, тарихи-мәдени мұраны дәріптеуге және Қарағанды облысының оң туристік имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button