Бас тақырыпРесми

Қарағанды облысында тасқын қаупі жоғары аумақтарды әуеден бақылау жалғасуда

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермағанбет Бөлекпаев және ТЖД бастығы Ибрагим Күлшімбаев 27 наурызда Шерубай-Нұра өзенінің арнасын, сондай-ақ Самарқанд, Ынтымақ, Шерубай-Нұра су қоймасын аралап көрді.

Аэровизуалды тексеру Ақтоғай, Шет, Абай және Бұқар жырау аудандарының аумағында жүргізілді.
Айта кетейік, қазір көктемгі тасқынның алдын алу мақсатында аймақтағы  ірі су қоймаларынан су жіберу жалғасуда. Олардағы судың көлемі ең төменгі деңгейге дейін жеткізілді. Бұдан бөлек,  су айдындарында мұз жару жұмыстары жүргізіліп жатыр. 27 наурызда Осакаровка және Нұра аудандарында – Сабырқожа және Жаман-Қон өзендерінде мұз жару жұмыстары өтті.

Автомобиль және темір жолдардағы су өткізу құрылғылары тазартылды. 

Басқа материалдар

Back to top button