ЖаңалықтарМедицина

Қарағанды облысында «Спутник V» вакцинасын шығарған зауыт немен айналысып жатыр?

Денсаулық сақтау вице-министрі - мемлекеттік бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова Қарағанды облысында «Спутник V» вакцинасын шығару зауытына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ortalyq.kz Kazinform сайтына сілтеме жасап.

– Бұл зауыт бастапқыда дәрі-дәрмек өндірді, яғни вакцина шығармады. Коронавирус кеңінен таралған кезеңде «Спутник V» вакцинасын шығару үшін өндірістік база қажет болғанын ескере отырып, зауыт осы вакцинаның жеке партияларын шығару үшін пайдаланылды. Вакцина өндірісі аяқталғаннан кейін, бұл зауыт қалыпты жұмысына қайта оралды. Ол елімізге қажет дәрі-дәрмекті шығарып жатыр, – деді А. Есмағамбетова Сенаттағы баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге ол қазір Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина қай жерде өндіріліп жатқанын да түсіндірді.

– Егер коронавирус инфекциясына қарсы вакцина өндірісі туралы айтатын болсақ, онда OtarBioPharm зауытының бірінші кезегінің құрылысы аяқталғанын білесіздер. Онда індетке қарсы вакцина шығарылып жатыр. Атап айтқанда, оны отандық ғалымдар даярлады, – деді вице-министр.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button